«Қос ағаш киелі мекенім»

0
33

 Сәуір айында аудандық кітапханада  «Қос ағаш киелі мекенім» тақырыбында аудандық конференция өткізілді. Конференцияға аудандық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысырылды.              Конференцияда оқушылар Қос ағаштың тарихын, географиялық орнын, аң құстары мен табиғатын және суының құрамы бойынша жинақтау, зерттеу қорытындыларын жан-жақты қонақтарға таныстырды. Конференцияда дарынды оқушыларымыздың суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Қасиетті мекеннің қыр-сырларымен танысқан қонақтар оқушылар мен пән мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне өз алғыстарын білдірді. Өткізілген  іс шара қорытындысы аудандық «Қара дала» газетінің 2019 жылғы 26 сәуіріндегі №16 (329) санында жарық көрді.