«Жүректен жауған жыр жаңбыр!

0
9

30 қыркүйек күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жергіліктіақындарымыз Пәридәм Тейипова мен Жазира Бақаеваныңшығармашылығына арналған «Жүректен жауған жыр жаңбыр!» – атты поэзиякеші өткізілді.Мерекелік кешке Алматы қаласы мен Ақтам ауылының жыр сүйер қауымықатысты. «Жүректен жауған жыр жаңбыр!» – атты көрме мен П.Тейипованыңөз қолынан шыққан қол өнер бұйымдары қойылды. Кеш көркін әсем әндермен керемет естеліктер, оқырмандар мен мектеп оқушыларының жаттапкелген өлеңдері мен сахналық қойылымдары әсемдей түсті. Ауданымыздыңбелгілі ақындары Абай Торғайұлы, Мамытқан Құдайбергенов, «Аламәт»продюсерлік орталығының директоры, продюсер Қәлбинур Аруп өздерініңжүрек жарды тілектерін білдіріп,арнау өлеңдерін арнады.Кеш соңындааудандық кітапхананың директоры Аида Турсунова келген қонақтарғарахметін айтып, аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.