«Есіңе мені алғайсың»

0
19

          «А.Розыбакиев  атындағы  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде ақиық ақын- Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектебімізде  сынып жетекші Құлжасбаева Айгүлдің ұйымдастыруымен   «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби кеш өткізілді. Оған  5-сынып оқушылары  дайындаған  М.Мақатаевқа арнап «Мәңгілік  бейне» атты көрініс  көрсетіп, ақынға арналған өз шығармаларын және Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия, менімен егіз бе едің…», «Үш бақытым», «Шыда, шыда» «Бүгін менің туған күнім», «Дос болам десең…»,  «Анкета», «Майгүлге»,  «Көнеміз ғой»,  «Отыздан асып барамын»  атты өлеңдерін , Фариза Оңғарсынованың Мұқағалиға  арнап жазған хаты т.б, өлеңдерін  мәнерлеп  оқыды. Сондай-ақ, мұзбалақ ақынның әндерін орындап, «Сарыжайлау» әніне  би биледі.  

Сондай-ақ 10-сыныптар арасында «Қазақстанның ұлы ақындары және жазушылары» тақырыбында конференция сабағы өткізілді.  

3-сыныпта «Туған жер- туған ел» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

          М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық аясында  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 03.02-04.02.  2020 жыл аралығында Абай Құнанбаевтің музейлері мен көрмелері 8-11 сыныптарымен макеттер сайысы өткізілді.