Табиғатпен үндескен Абай

0
16

«Тиірмен қазақ орат мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде    оқушылар арасында «Табиғатпен үндескен Абай» тақырыбында Абайдың табиғат лирикасына тереңінен түсініктер беріп, талдаулар жасаса, дарынды оқушылар әсем  табиғаттың суреттерінен көрме ұйымдастырды. 4 сынып оқушылары Абайдың балалық шағына саяхат жасап, өз шығармашылықтарынан өлеңдерін арнады. Эстафета соңында балалар Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін хормен орындады. Сонымен қатар әр үзіліс кезінде  Абайдың шығармашылығына арналған бейнероликтер, әндері залдағы теледидардан көрсетілді.