Ұйғыр ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру – бағдарламасы негізінде атқарылған жұмысы туралы

0
27

Анықтама

            Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында мектеп ұжымында насихаттау тобы бекітіліп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде Бағытталған жоспарымен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі қазақ қоғамы үшін рухани мәдениет саласындағы өзекті мәселелердің бірі-рухани ұғымдарды таразылап қайта пайымдау, дәстүрлі мағынасын жаңғырта отырып, өскелең буын санасына берік орнықтыру.Аталған жоспарға байланысты мектебімізде оқушылар арасындаҚазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында 1 наурыз – барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс білдіру күні деп белгіленді. «Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығының және махаббатының жарқын мерекесі болуы мүмкін». «Өз тарихыңды есте сақта және мақтан ет» – бұл мерекенің басты негіздемесінің бірі. Ал осы күннің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық сезімін, достығын және бірін бірі сыйлауға тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.

Осыған байланысты Шарын орта мектебінде Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы Елбасының идеяларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Алғысым шексіз» тақырыбында «Шарын орта мектебінің» оқушыларының қатысуымен айлықты қорытындылау кеші  болып өтті.

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы   түсініктерін кеңейту,ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу

                 М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ;атты бағдарламалық мақаласын іске асыру жөнінде «Ризашылық –мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық мәдени білім беру жобасы аясында 1-наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай 2ә,а,б сыныптары арасында «Біз-достығы жарасқан Мәңгілік елдің ұрпағымыз» атты спорттық гимнастикалық жарыс  ұйымдастырылды. Бес кезеңнен тұратын спорттық гимнастикалық жарыс  қорытындысы бойынша 2ә сыныбы І орын, 2а сыныбы ІІорын, 2б сыныбы ІІІ орын илеленіп мектепішілік мадақтамамен марапатталды.

                 Нүсіпбек Исахметов атындағы орта мектебінде коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, тәрбиелеу мақсатында жоғарыда аталған мекемеде әр аптаның сәрсенбі күні ақынның қара сөздері өлеңдері және әндері орындалады.

4-наурыз күні жоғарыда аталған мекемеде  8-сынып оқушысы Арипбаев Ернат және Уразжан Айым Абайдың  төртінші және сегізінші  қарасөзін жатқа  оқып өтті,  сонымен қатар 7-сынып оқушылары «Сенбе жұртқа, тұрсада қанша мақтап», «Есіңде бар ма жас күнің», «Мәз болады болысың» атты тақырыпта өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. 5-11оқушыларының хордың орындауында «Желсіз түнде жарық-ай» әнін орындады.

«Ардолайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   «Өлкетану» бағыты бойынша  2019-2020 оқу жылы 3-наурыз  күні  6-5- сынып оқушыларын «Менің ауылымның үздік  жерлері» тақырыбында  ауылдың тарихи орындарына саяхатқа барғандығына берілген  жасап қайтты. Оқушыларды  педагог ұйымдастырушы

С. Ибрагимова және әлеуметтік-педагог С Қахамова апарып, Ардолайты ауылының тарихы туралы оқушыларға әңгіме айтып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Оқушылар саяхатта өте жоғары  дәрежеде белсенділік танытып, әр түрлі ойындар ойнап естелік үшін суретке түсті.

Саяхаттың мақсаты:  «Туған жерді»дамыту, жас ұрпақтың белсенділігін арттыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттау және Отанға деген сүйіспеншілігін және патриоттық сезімін  күшейту, елжанды азамат етіп тәрбиелеу

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  №1 «Шонжы орта мектебі» ҚММ-сінде 24.02-06.03.2020 ж аралығында ұлы ақын Абай Қунанбаевтың 175 жылдығыны арналған  «Абай әлемі» рухани-тағылымдылық іс-шара бағдарламасы  жасалынды. Бағдарламаға сәйкес іс-шаралар өтілүде: 5-7 сыныптар арасында «Сүреттер бояуы Абай өлеңдерінде», «Адамдықты көздесең,Қаттап тақы көңілге» жыр жумаөтары 1-сынып оөушылар арасында, «Қылқалам щеберлері» сүрет байқауы 2-4 сыныптар арасында, «Әнді сүйсең менше сүй» хор 3-сыныптар, «Абай жолы-Ұлы жол-Дара жол» әдеби кеш 8-сынып оқушылар.

 №1  «Шонжы орта мектебінде»             1 наурыз « Ризашылық-мейрімділік бұлағы» тақырыбында мектепішілік жоспар құрылып, іс-шаралар уақытылы,өз мерізімінде өткізілді.

Іс-шарамыздың  мақсаты:барлық балаларға бір біріне, ересектерге сүйіспеншілігі мен жылулығы, қамқорлығы, түсінушілігі мен сезімталдығы үшін алғыс айтуға мүмкіндік беріледі. Тұлғааралық және этнос аралық қарым-қатынас мәдениетінің білімін, ұлты басқа  құрдастарына толерантты қарым-қатынас дағдыларын даратыру мүмкіндік беріледі.

              М.Мақсатов атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасыаясында     2020 жылы  3 наурыз  күні тарих пәнінің мұғалімі Е.Музапаров Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Көжекбаев Күрішбек атаның өмірбаяны мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктерін дәріптеу, педагогикалық өмір жолы» тақырыбындатанымдық сабақ өтті.Сабақ барысында өмір баяны туралы түсінік берілді.

Мақсаты:Ұлы Отан соғысы ардагерін дәріптеу, оқушыларға таныстыру.

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында арнайы жоспар жасалынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мақсаты: «Болашаққа бағдар:Рухани Жаңғыру» патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

«Балапан жұлдыз» – мектептегі жас дарындарды іздеу мақсатында ұйымдастырылған ауқымды жоба. «Балапан жұлдыз» шоу концертінің басты мақсаты –бүлдіршіндер арасындағы жас таланттарды тауып, жарыққа шығару, жоғары деңгейде көрінуіне септігімізді тигізу, талантты баланың өзіне деген сенімін нығайту.

Маңыздылығы: Өскелең ұрпақты өнергебаулу-Қазақстанды жарқын болашаққа бір қадам жақындатады.Шығармашылыққа барын салып, жанымен еңбек етіп жүрген жасөспірімнің өнерін шыңдай түсуге мүмкіндік береді. «Балапан жұлдыз» байқауы өнерлі оқушылар арасында тығыз байланысты орнатады, жас өнерпазды іздестіріп, көпшілікке танытады.

Осы мақсатта 0-4 сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін көрсетті.