«Қойнауына қазына, тасына тарих тұнған өлкем-Қосағаш киелі бұлақ» экспедиция

0
30

Ақтам ауылдық округінің солтүстігінде, Шонжы Қалжат трассасының 3,5 км шақырым жерде орналасқан «Қос ағаш» киелі арасанға ақпанның 9-ы күні мектептен дарынды оқушылар мен мұғалімдер болып бір күндік танымжорыққа барып қайтты. Танымжорық кезінде оқушылардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып, жауапты адамдар бекітілді. Танымжорық барысында өмір-техника қауіпсіздігі сақталды. Киелі мекенде оқушылар шипалы арасанның қасиеті туралы деректер жинақтап, табиғатын тамашалап қайтты.

 Қасиетті Қос ағаш маңында дарынды оқушыларымыз суреттер салса, жас ақындарымыз жүректен шықан  арнауларын арнады. Ғылыми жобаға қатысатын оқушылар «Қос ағаштың» тарихын, аң-құстары мен табиғатына, сонымен қатар суы мен батпақтың құрамына пән мұғалімдерімен бірлікте  зерттеу жұмыстарын жүргізді.